Күзгі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары басталды. Соның аясында тұмауға қарсы вакцина егу жұмыстары бастауын алды.
Емханаларға «Гриппол» вакцинасы жеткізіліп, арнайы тізімдегі тұрғындарға салынуда. Мұндай жұмыстар қалалық №4 емханада да жүргізілуде. Алдымен медициналық ұйым қызметкерлеріне, әлеуметтік әлсіз саналатын тұрғындарға бірінші кезекте егіледі.
Қалалық №4 емхана қызметкерлері, сонымен қатар, емханаға қарасты тұрғындарға тұмаудан сақтану үшін екпе алудың маңыздылығын түсіндіріп, вакцина салдыруға шақырады.
Екпе салу – тегін. Ол үшін емханаға таңғы сағат 08:00-ден кешкі 18:00 аралығында келіп, арнайы жасақталған кабинеттегі мамандардан кеңес алуға болады.
Мекенжайымыз: Володарский көшесі, 11. Тел: 53-83-13