about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорндардың байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды. 1. Конкурс өткізу күні мен орны: Күні: «14» тамыз 2025 жыл. Өтетін орны: Шымкент қ., Тұран ауданы, Республика даңғылы №12а ғимарат. 2. Қажетті құжаттар тізбесі: 1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда); 2. Қазақ […]

16, Шілде 2025

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорндардың байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

1. Конкурс өткізу күні мен орны:
Күні: «14» тамыз 2025 жыл.
Өтетін орны: Шымкент қ., Тұран ауданы, Республика даңғылы №12а ғимарат.
2. Қажетті құжаттар тізбесі:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда);
2. Қазақ және орыс тілдерінде түйіндеме;
3. Өмірбаян (еркін нысанда);
4. Жеке куәлік көшірмесі;
5. Жоғары білім туралы диплом көшірмесі;
6. Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмелері (еңбек кітапшасы, еңбек шарттары, т.б.);
7. ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің бөлімшелері берген:
– соттылығының жоқтығы туралы анықтама,
– сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқтығы туралы анықтама.
Қатысушылар қосымша: кәсіби деңгейі мен біліктілігін растайтын құжаттарды, ғылыми дәреже, жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдарды ұсына алады.
3. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Үміткерлерге қойылатын талаптар «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларына» сәйкес айқындалады:
• Жоғары білім;
• Салалық жұмыс тәжірибесі (білім беру немесе денсаулық сақтау саласында – 5–10 жылға дейін немесе денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық лауазымда – 3–5 жыл); денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі
• Соттылығы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары болмауы тиіс.

4. Құжаттарды жолдау тәртібі:
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың түпнұсқасы “Түпнұсқа” деп белгіленген ішкі конвертке салынып, мөрленеді.
Онда үміткердің ТАӘ және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Бұл ішкі конверт сыртқы конвертке салынады және мынадай жазулармен жолданады:
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қалалық №4 емхана» мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы «__________ дейін ашуға болмайды» (ашу күні мен уақыты көрсетіледі)
Мекенжай:___________________________________________
(уәкілетті органның нақты мекенжайы көрсетіледі).
5. Өтініш беру мерзімі:
• Құжаттарды қабылдау мерзімі мерзімді баспасөз басылымында конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап есептеледі.
• Құжаттарды қабылдау уақыты: 2025 жылғы «14» шілде – 2025 жылғы «13» тамыз (қоса алғанда, 30 күн ішінде).
6. Құжаттарды қабылдау басталатын күн:
• Құжаттар осы хабарландыру мерзімді басылымда жарияланған күннен бастап қабылданады.
7. Конкурстың кезеңдері:
1. Конверттерді ашу және кандидаттар тізімін жариялау (уәкілетті орган мен кәсіпорын сайтында);
2. Үміткерлердің біліктілігін бағалау;
3. Аудио-бейне жазбамен әңгімелесу;
4. Конкурстың қорытындысын шығару.
📍 Қосымша ақпарат пен сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 (725) 256-23-11

Байланыстар

ШЖҚ «№4 қалалық емханасы» МКК

Мекен-жайы:

Email:

Телефонды енгізіңіз:

РК, г. Шымкент, ул.Володарский 11

gkkp_gp_4 mail.ru

53-83-13

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 53-81-00
Медициналық мекеменің байланыс орталығы