about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

2021 жылы МӘМС бойынша көрсетілген стоматологиялық қызметтер саны 50% – ға өсті

Стоматологиялық көмек отандық денсаулық сақтаудың…

14, февраля 2022

 

«Стоматологиялық көмек отандық денсаулық сақтау саласының сұранысқа ие бөлігі. Өткен жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша, 2020 жылға қарағанда, бір жарым есе көп стоматологиялық қызмет көрсетілді. Бұл қызметтер (5,9 миллион қызмет) негізінен 17 жасқа дейінгі балаларға көрсетілген» деп  хабарлайды  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі. 

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске қосу балалар мен жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмекті тегін алуға мүмкіндік берді, ал шұғыл жағдайларда зейнеткерлер, көп балалы аналар, мүгедектер, оларға күтім жасайтын жұмыссыздар, АӘК алушылар, сондай-ақ белгілі бір аурулармен есепте тұрған пациенттер де тегін стоматологиялық көмек ала алады.

«МӘМС жүйесінің іске қосылуының арқасында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың тиісті санаттары үшін белгілі бір стоматологиялық қызметтер қолжетімді болды. Жүйе енгізілген алғашқы жылы 6,8 млн қызмет көрсетілді. Бір жылдан кейін МӘМС бойынша стоматологиялық көмекті тұтыну бір жарым есеге – 10 млн қызметке дейін өскені байқалады. Стоматологиялық көмекті қаржыландыруды арттыру оған мұқтаж пациенттерді көп қамтуға мүмкіндік берді. Бұл ретте талдау көрсеткендей, стоматологиялық қызметтер негізінен 17 жасқа дейінгі балаларға көрсетілген», – деп атап өтті Қор сарапшылары.

Соңғы екі жылда МӘМС есебінен қаржыландыру аясында 37 млрд теңгеге 16,8 млн-нан астам стоматологиялық көмек көрсетілді. 2022 жылға сатып алу жоспарында 22,7 млрд теңгеге стоматологиялық қызмет көрсету қарастырылған.

Қор сарапшыларының түсіндіруінше, стоматологиялық көмек пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдауы негізінде көрсетіледі, яғни ол үшін учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейді. Қызметтерді алу үшін Қормен келісімшарты бар жеке стоматологиялық клиниканы таңдауға немесе өз емханаңыздың стоматологиялық кабинетіне жүгінуге болады.

Еліміз бойынша 600-ден астам медициналық ұйым МӘМС бойынша стоматологиялық қызметтер көрсетеді.

 

МӘМС бойынша стоматологиялық көмекті кімдер ала алады?

МӘМС пакеті бойынша жоспарлы стоматологиялық көмек мына пациенттер үшін қарастырылған:

  • балалар;
  • жүкті әйелдер.

Шұғыл стоматологиялық көмекті азаматтардың мына санаттары ала алады:

  • 18 жасқа дейінгі балалар;
  • жүкті әйелдер;
  • ҰОС қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар;
  • I, II, III топтағы мүгедектер;
  • «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
  • жасы бойынша зейнеткерлер;
  • жұқпалы және әлеуметтік маңызы бар және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар;
  • ерекше қажеттіліктері бар балаға немесе бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін қазақстандықтар.

Қандай жағдайды төтенше жағдай деп санауға болады?

  • флегмонға терінің, тері астындағы тіндердің жедел бактериялық инфекциясы, көбінесе стрептококктар немесе стафилококктар себеп болады;
  • абсцесс, фурункул, карбункул сияқты жақ-бет аймағының өткір, біркелкі емес қабыну аурулары;
  • остеомиелит;
  • сыртқы қолжетімділікті қажет ететін тіс жұлу;
  • тек стационар жағдайында ғана көмек көрсетуге болатын басқа да жағдайлар.

Шұғыл көмек пациенттің өміріне қауіп төндіретін кенеттен болған жіті аурулар және созылмалы аурулар асқынған кезде көрсетіледі: ⁠

  • пульпит (өткір немесе созылмалы);
  • периодонтит (өткір және созылмалы);
  • жақ-бет жарақаты (мысалы, тістің таюы немесе сынуы);
  • жақ-бет аймағының одонтогендік және одонтогендік емес қабыну ауруларының өршу белгілері;
  • стоматит;
  • өткір ауыру жағдайларында;
  • жедел араласуды қажет ететін емдеу әдісі.

Пациенттердің осы санаттары үшін МӘМС-те қандай көмек тегін қарастырылған?

  • анестезия;
  • жақ немесе тістің рентгенографиясы;
  • тісті жұлу;
  • дайындау және пломба салу;
  • периостотомия;
  • пульпит, периодонтит, стоматиттің жедел түрлерін, альвеолитті емдеу;
  • абсцессті ашу.

Егер сізде стоматологиялық көмек алуға қатысты сұрақтар туындаған болса, сіз әрбір медицина ұйымында бар Пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне аласыз. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтінішті өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы бойынша қалдыруға болады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

“Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

Байланыстар

ШЖҚ «№4 қалалық емханасы» МКК

Мекен-жайы:

Email:

Телефонды енгізіңіз:

РК, г. Шымкент, ул.Володарский 11

gkkp_gp_4 mail.ru

53-83-13

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 53-81-00
Медициналық мекеменің байланыс орталығы