ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕГУ БАСТАЛДЫ
Елімізде тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталды. Себебі, күн суыта салысымен тұмау мен ЖРВИ таралуы қаупі арта түседі. Осыған орай Қазақстандағы барлық емханаларды 15 қыркүйектен бастап егу жұмыстары басталды.
Биыл мамандар тұмау коронавируспен қоса асқынуы мүмкін деп ескертеді, осыған орай дерттің алдын алу, денсаулыққа мән беру мен сақтану шараларын қолға алған жөн деп кеңес береді.
Айта кетейік, биыл Шымкентте тұмауға қарсы 128 963 доза вакцина сатып алынды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қосымша 109 432 дозаға өтініш берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп.
Екпе мына санаттағы азаматтарға тегін салынады:
* медицина қызметкерлері;
* медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар;
* жасы 6 айдан асқан әрі жиі ауыратын балалар;
* жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері;
* қарттар мен мүгедектер үйін мекендеушілер;
* жүктіліктің екінші не үшінші триместріндегі жүкті әйелдер;
* жүрек-қан тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдар.
Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда!