-КҮЗГІ ДЕРТТЕРДЕН САҚТАНЫҢЫЗДАР
Күн суытып, күзгі мезгіл келді. Бұл уақытта адамның иммунитеті әлсіреп, түрлі дерттерге жиі шалдығуы мүмкін. Сондықтан, денсаулықтарыңызды күтіңіздер деп кеңес береміз.
Биылғы жағдайдың күрделілігі сол – суық тию мен тұмауға қоса COVID-19 инфекциясының тарау қаупі де жоғары. Алдағы уақыт қалай боларын ешкім нақты болжай алмайды.
Тұмау мен суық тиюдің алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстану керек. Еңбек және тынығу режимін қалыпқа келтіріп, дұрыс тамақтану, қалыпты дене шынықтырумен айналысу – өте маңызды.
Бұған қоса жеке бас гигиенасын қатаң ұстанып, бетперде тағыңыздар, қолды антисептикпен жуып, үйге келгенде міндетті түрде сабындап жуу керек.
Мүмкіндігінше көпшілік орындарға бармай, карантин шараларын ұстану қажет.
Асылзат Қожабергенова
Шымкент қалалық №4 емхананың жалпы тәжірибелі дәрігері
#Шымкент #ТөртіншіЕмхана #Денсаулық #Иммунитет #ЖРВИ #СалауаттыӨмірСалты