about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Мемлекет бұрынғыша халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында базалық медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді

Мемлекет бұрынғыша халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК)
аясында базалық медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді

28, Тамыз 2020
Мемлекет бұрынғыша халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында базалық медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді:
– Жедел және шұғыл медициналық көмек (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу);
– Емханаларда қызмет көрсету( әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруға шалдыққан адамдарды терапевтің, оның ішінде бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беру, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинация, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау, жүктілікті жүргізу);
– Диагностика және емдеу: әлеуметтік мәні бар аурулар (туберкулез, АИТВ, психиканың бұзылуы, қатерлі ісіктер),негізгі созылмалы аурулар (диабет, артериалық гипертензия, вирустық гепатит, ревматоидты артрит және т. б.),айналадағыларға қауіпті жіті жұқпалы аурулар. Сондай-ақ, белгілі бір ауру мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтар тегін дәрі-дәрмек ала алады. Емхана ТМККК пакеті бойынша медициналық көмек көрсетуден бас тартса, qoldau24/7 мобильді қосымшасы арқылы Қорға хабарласуларыңызды сұраймыз.

Байланыстар

ШЖҚ «№4 қалалық емханасы» МКК

Мекен-жайы:

Email:

Телефонды енгізіңіз:

РК, г. Шымкент, ул.Володарский 11

gkkp_gp_4 mail.ru

53-83-13

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 53-81-00
Медициналық мекеменің байланыс орталығы