- Коронавирустың таралуын болдырмау үшін маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау туралы ұмытпаңыз.
- Қол гигиенасын ұстану. Қолыңызды сабынды сумен жиі жуыңыз немесе антисептик қолданыңыз. Сыртқа шыққанда көзіңізге, аузыңызға немесе мұрныңызға қолыңызды тигізбеуге тырысыңыз.
- Түшкірген немесе жөтелген адамдардан ара-қашықтықты сақтаңыз. Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды шынтақпен не, бір реттік қағаз сүрткімен жабыңыз.
- Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйде болыңыз. Қызуыңыз көтеріліп, тыныс алуыңыз нашарласа дәрігерге қаралыңыз. Дәрігерге телефон арқылы қоңырау шалыңыз немесе онлайн кеңес алыңыз.
- Медициналық мекемелерге қажетсіз барудан аулақ болу денсаулық сақтау жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беретіндігін есте ұстаған жөн. Өз өміріңізді, денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын бағалаңыз!

ScreenReader 
















