КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорндардың байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
1. Конкурс өткізу күні мен орны:
Күні: «14» тамыз 2025 жыл.
Өтетін орны: Шымкент қ., Тұран ауданы, Республика даңғылы №12а ғимарат.
2. Қажетті құжаттар тізбесі:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда);
2. Қазақ және орыс тілдерінде түйіндеме;
3. Өмірбаян (еркін нысанда);
4. Жеке куәлік көшірмесі;
5. Жоғары білім туралы диплом көшірмесі;
6. Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмелері (еңбек кітапшасы, еңбек шарттары, т.б.);
7. ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің бөлімшелері берген:
– соттылығының жоқтығы туралы анықтама,
– сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқтығы туралы анықтама.
Қатысушылар қосымша: кәсіби деңгейі мен біліктілігін растайтын құжаттарды, ғылыми дәреже, жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдарды ұсына алады.
3. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Үміткерлерге қойылатын талаптар «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларына» сәйкес айқындалады:
• Жоғары білім;
• Салалық жұмыс тәжірибесі (білім беру немесе денсаулық сақтау саласында – 5–10 жылға дейін немесе денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық лауазымда – 3–5 жыл); денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі
• Соттылығы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары болмауы тиіс.
4. Құжаттарды жолдау тәртібі:
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың түпнұсқасы “Түпнұсқа” деп белгіленген ішкі конвертке салынып, мөрленеді.
Онда үміткердің ТАӘ және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Бұл ішкі конверт сыртқы конвертке салынады және мынадай жазулармен жолданады:
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қалалық №4 емхана» мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы «__________ дейін ашуға болмайды» (ашу күні мен уақыты көрсетіледі)
Мекенжай:___________________________________________
(уәкілетті органның нақты мекенжайы көрсетіледі).
5. Өтініш беру мерзімі:
• Құжаттарды қабылдау мерзімі мерзімді баспасөз басылымында конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап есептеледі.
• Құжаттарды қабылдау уақыты: 2025 жылғы «14» шілде – 2025 жылғы «13» тамыз (қоса алғанда, 30 күн ішінде).
6. Құжаттарды қабылдау басталатын күн:
• Құжаттар осы хабарландыру мерзімді басылымда жарияланған күннен бастап қабылданады.
7. Конкурстың кезеңдері:
1. Конверттерді ашу және кандидаттар тізімін жариялау (уәкілетті орган мен кәсіпорын сайтында);
2. Үміткерлердің біліктілігін бағалау;
3. Аудио-бейне жазбамен әңгімелесу;
4. Конкурстың қорытындысын шығару.
📍 Қосымша ақпарат пен сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 (725) 256-23-11