about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

ЕМХАНАДА ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАР БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Шымкент қалалық №4 емханада туберкулез ауруына қарсы іс-шараларға қатысты семинар өтті. Жиынды фтизиатр дәрігер Айгүл Андакулова мен жалпы тәжірибелі дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі Фируза Қонаева өткізіп, емхана дәрігерлері мен медбикелер қатысты.

28, Қазан 2024

Шымкент қалалық №4 емханада туберкулез ауруына қарсы іс-шараларға қатысты семинар өтті. Жиынды фтизиатр дәрігер Айгүл Андакулова мен жалпы тәжірибелі дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі Фируза Қонаева өткізіп, емхана дәрігерлері мен медбикелер қатысты.

Семинарда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» №107 бұйрығының және ҚР ДСМ “Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы” № 214/2020 бұйрығының орындалу барысы, ауруды анықтау, алдын алу және емдеу шаралары бойынша емханада өткізілген іс-шаралар талқыланды.
Фтизиатр дәрігер Айгүл Жұпарбекқызы Шымкент қалалық №4 емханада үстіміздегі жылдың 9 айында туберкулезге қарсы қызметтің есебі туралы баяндады.

Сонымен қатар жалпы тәжірибелі дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі Фируза Қонаева да баяндама жасады.

Дәрігерлер денсаулықты күтудің маңызына кезекті рет тоқталып, тұрғындардың денсаулығын нығайту жолындағы жоспарлы жұмыстарды атқаруға баса мән беруді нақтылады. Семинардың соңында өзара пікір алмасты.

Байланыстар

ШЖҚ «№4 қалалық емханасы» МКК

Мекен-жайы:

Email:

Телефонды енгізіңіз:

РК, г. Шымкент, ул.Володарский 11

gkkp_gp_4 mail.ru

53-83-13

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 53-81-00
Медициналық мекеменің байланыс орталығы