Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Сіздерді тұмауға қарсы екпе алуға шақырамыз. Өз денсаулығымыз – өз қолымызда!
Қалалық №4 емханаға «Гриппол+» вакцинасы жеткізілген. Ол тегін салынады.
Тұмауға қарсы екпе кімдерге салынады?
* Медицина қызметкерлеріне
* Жүкті әйелдерге
* Медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұратын балаларға
* Балалар үйінің, сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне
* Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жұқтыру қаупі жоғары адамдарға
Емхананың басты ғимаратындағы №103 кабинетте, балалар бөліміндегі №6 кабинетте екпе салу бекеті жасақталған. Келіңіздер, 2023 жылғы 1 қазаннан бастап екпе алуға шақырамыз.
Мекенжайымыз: Володарский көшесі, 11. Тел: 53-83-13.