about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Мейірбикелерге арнайы семинар өтті

Шымкент қалалық №4 емханада кезекті медициналық семинар өтті. Емхананың бас мейірбикесі…

25, мая 2023

Шымкент қалалық №4 емханада кезекті медициналық семинар өтті. Емхананың бас мейірбикесі Надежда Тұрғанбаеваның жетекшілігімен аға мейірбикелер Салтанат Жарбақұлова және Дина Иманбердиева ұйымдастырған семинарға күндізгі стационардағы және ем-дом көрсетуші мейірбикелер қатысты.

«Парентеральды дәрі-дәрмек заттарын енгізу» тақырыбындағы семинарда мейірбикелер Салтанат Жолдасбекқызы мен Дина Сәрсенбайқызы бұлшықетке ине егу іс-әрекетінің алгоритмі, көктамырға ине егудің алгоритмі туралы баяндама жасады. Бұған қоса семинарда кейбір адамдарда ине егуден кейін болатын асқынулар мен ондай келеңсіздіктер орын алған жағдайда орындалатын әрекеттер талқыланды.

Жалпы, мейірбикелер емхананың тәжірибелі қызметкерлерінен пайдалы мәліметтер алып, өзара тәжірибе алмасты. Семинардың соңы сұрақ-жауапқа ұласты.

 

Байланыстар

ШЖҚ «№4 қалалық емханасы» МКК

Мекен-жайы:

Email:

Телефонды енгізіңіз:

РК, г. Шымкент, ул.Володарский 11

gkkp_gp_4 mail.ru

53-83-13

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 53-81-00
Медициналық мекеменің байланыс орталығы