about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

“№4 қалалық емхана “ШЖҚ МКК бақылау кеңесі бас дәрігердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлайды

Конкурс 2023 жылғы 7 шілдеде Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Володарский көшесі…

4, Тамыз 2023

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “№4 қалалық емханасы” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бақылау кеңесі Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “№4 қалалық емханасы” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бас дәрігерінің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлайды.

 

Конкурс Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Володарский көшесі, №11, 3-қабат, мәжіліс залы   мекенжайы бойынша өткізіледі.

 

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “№4 қалалық емханасы” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының орналасқан жері: Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Володарский көшесі, №11, телефон:+7252/ 53-81-60, электрондық пошталық мекен-жайы: gkkp_gp_4@mail.ru,

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Денсаулық сақтау саласындағы өндірістік шаруашылық қызметті жүзеге асыру. Амбулаторлық – емханалық көмек, стационарды алмастыратын көмек көрсету және консультациялық-диагностикалық көмек көрсету.

 

Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:

Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың өзара іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оның қарамағындағы тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.

Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.

 

Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасының Кодексі, “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасының Кодексі, “Мемлекеттік сатып алу туралы” Қазақстан Республикасының Заңы, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңы, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Қазақстан Республикасының Заңы, “Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);

қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;

денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;

басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;

медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы;

денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер;

халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, критериилер мен көрсеткіштер;

отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері, денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;

төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

“Денсаулық сақтау” даярлау бағыты бойынша жоғары білім, “Денсаулық сақтау менеджменті” (“Қоғамдық денсаулық сақтау”) мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат);

немесе “Денсаулық сақтау” даярлау бағыты бойынша жоғары білім, “Денсаулық сақтау” немесе “Бизнес, басқару және құқық” даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;

басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні: 2023 жылғы 7 тамыздан 2023 жылғы 22 тамыз аралығын қоса алғанда.

 

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтініш;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;

5) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.
  2. Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
  3. Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).

Байланыстар

ШЖҚ «№4 қалалық емханасы» МКК

Мекен-жайы:

Email:

Телефонды енгізіңіз:

РК, г. Шымкент, ул.Володарский 11

gkkp_gp_4 mail.ru

53-83-13

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 53-81-00
Медициналық мекеменің байланыс орталығы