ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
Шымкент қалалық №4 емханада ерекше іс-шара өтті. Емханамызға тіркелген ерекше балалар шақырылып, жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырылды.
Емханамыздың әлеуметтік қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік іс-шарада балалардың ата-аналары да қатысты. Бас дәрігер Айгүл Жақыпқызы балақайлар мен ата-аналарын келе жатқан жаңа 2025 жылмен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі.
Аяз ата мен Ақша қар балғындардың көңілдерін көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мерекелік іс-шараның соңында ерекше балаларға сыйлықтар табысталып, мәз-мәйрам болды. Ал ата-аналар емхана ұжымына алғыстарын айтты.