about us icon О нас

Руководство

head doctor photo

Бекбауова Айгуль Жакыповна

Главный врач

Врач высшей категории по социальной гигиене и организации здравоохранения

Задать вопрос Руководителю

Бекбауова Айгуль Жакыповна 15.10.1971 жылы Шымкент қаласында туылған. Білімі жоғары. Жалпы еңбек өтілі 28 жыл, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 19 жыл, оның 16 жылында басқарушылық қызметтерді атқарған.

1995 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығымен, 2012 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМ университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы учаскелік терапевт боп бастаған, 2003 жылы меңгеруші болып жұмыс жасаған. 2009 жылдан конкурс арқылы мемлекеттік қызметке кіріп, атап айтқанда облыстық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық қызметті үйлестіру және медициналық қызметті лицензиялау бөліміне бас маман болып тағайындалған. 2012 жылы осы бөлімнің басшысы, 2018 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, 2020 жылдан қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары ретінде жұмыс атқарған. 2022 жылы 19 желтоқсаннан бастап №4 қалалық емханасына бас дәрігер етіп тағайындалды.

Айгүл Жақыпқызы өз саласын жетік меңгерген, білгір, сауатты, жоғары ұйымдастырушылық қабілетке ие, білікті маман.
2010 жылы Литва мемлекеті Каунас қаласында, 2014 жылы Оңтүстік Корея мемлекетінде Сеул қаласында, 2015 жылы Америка Құрама Штатында Оклахома қаласында, 2016 жылы Ресей Федерациясы Москва қалаларында біліктілігін арттырған.

Рухани жаңғыру аясында 2018 жылы Астанада өткен «Медициналық оңалту: тәжірибе және перспективалар» тақырыбындағы конференцияға қатысып, тәжірибе алмасқан. 2019 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау» бойынша біліктілігін арттырды. 2020 жылы Астана қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында біліктілігін көтерді.

2019 жылы Қоғамдық денсаулық сақтаудан жоғары категориялы маман сертификатын алған.

Неше жылғы жемісті еңбегінің арқасында 2011 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», 2019 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен,2020ж ҚР Президентінің «Халық алғысы» медальімен, «ҚР Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен және көптеген алғыс хаттармен марапатталған.

Контакты

ГКП на ПХВ «Городская поликлиника №4»

Адрес:

Email:

РК, г. Шымкент, ул.Володарский 11

gkkp_gp_4 mail.ru

phone icon 1414
Единый контакт-центр
phone icon 53-81-60
Контактный центр медицинского учреждения