about us icon Пресс-центр

Новости

news image

АНТЫНА АДАЛ ЖАН

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты №4 қалалық емханасының ұжымы Қарымсақова Меруерт Ойдуллақызымен мақтана алады. Меруерт Ойдуллақызы алғашқы еңбек жолын 1989 жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда аймақтық дәрігер-терапевт болып еңбек жолын бастаған. 1997 жылдан бері №4 қалалық емханада инфекционист-дәрігер қызметін атқарады. Тәжірибелі маман әріптестері арасында абыройлы, беделі биік, ал тұрғындардың алғысын […]

25, апреля 2024

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты №4 қалалық емханасының ұжымы Қарымсақова Меруерт Ойдуллақызымен мақтана алады.
Меруерт Ойдуллақызы алғашқы еңбек жолын 1989 жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда аймақтық дәрігер-терапевт болып еңбек жолын бастаған. 1997 жылдан бері №4 қалалық емханада инфекционист-дәрігер қызметін атқарады.
Тәжірибелі маман әріптестері арасында абыройлы, беделі биік, ал тұрғындардың алғысын арқалап жүрген ақ халатты абзал жан деп нық сеніммен айта аламыз. «COVID-19» дүниежүзілік пандемия кезіндегі еңбегі зор құрметке ие болды. Пандемия кезінде талай жанның жаннына араша түсіп, өмірлерін сақтап қалу үшін аянбай еңбек еткен антына адал жан. Мыңдаған науқасты емдеп, дертінің шипасына себеп болған дәрігер, бүгінде өзінің мол тәжірибесін әріптестерімен бөлісуден жалыққан емес.
Талай жылғы еңбегі ескерілген Меруерт Ойдуллақызы көптеген марапатқа ие болған. Оның арасында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Сонымен қоса, емхана бас дәрігерінің Құрмет грамоталары мен «Qurmet-AB» қоғамдық бірлестігінің «Ерең еңбегі үшін» медалі, «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Алғыс хатымен және «Haluq Qurmetі» сыйлығы да бар.
Біз, 35 жылдық тәжірибесі бар әріптесіміз Меруерт Ойдуллақызын үлгі тұтамыз!

 

Контакты

ГКП на ПХВ «Городская поликлиника №4»

Адрес:

Email:

РК, г. Шымкент, ул.Володарский 11

gkkp_gp_4 mail.ru

phone icon 1414
Единый контакт-центр
phone icon 53-81-60
Контактный центр медицинского учреждения