Шымкент қалалық №4 емханада 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бас дәрігер Айгүл Жақыпқызы емхана қызметкерлерін қастерлі мерекемен құттықтады.
«Тәуелсіздік – қастерлі ұғым. Ол халқымыздың батыр ұлдарының ерлігімен келіп, ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы орнаған күн болды. Баршаңызға отбасыларыңызға амандық пен молшылық, зор денсаулық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін», – деді Айгүл Жақыпқызы.
Мереке қарсаңында бірқатар қызметкерлер марапатталды. Еңбегі еленген дәрігерлер арасында Майра Тулеманова, Надежда Тұрғанбаева және Зубайра Жақыпбековаға Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбековтың Алғыс хаты табысталса, Матлюба Азимоваға емхана бас дәрігінің Алғыс хаты берілді.
Жиында қызметкерлер көпшілікті мерекемен құттықтап, ыстық лебіздерін бөлісті.