Құрметті шымкенттіктер, қадірлі жерлестер!
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймын! Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған күн.
Еліміздің атпал азаматтарының, жалындаған оттай жастарының ерліктері бүгінгі Тәуелсіз еліміздің іргесін берік бекітіп, қоғамның қарқынды дамуына ұласты. Қазақ елі әлемдік қауымдастықтағы өз орнын тауып, барлық мемлекетпен терезесі тең дәрежеде дамып келеді.
Ендеше, бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні отбасыларыңызға молшылық пен амандық, өздеріңізге мол бақыт пен ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Көк байрағымыз асқақтап, келешегі өркейе берсін!
Ізгі тілекпен – Шымкент қалалық №4 емхананың бас дәрігері Бекбауова Айгүл Жақыпқызы