Шымкент қалалық №4 емхана қызметкерлері жеткіншектер арасында суицидке қарсы семинар өткізді. Емхана психологтары Жадыра Атаева мен Фаризат Абылаева қаладағы Мукими атындағы №13 мектепте, Лермонтов атындағы №17 мектепте және Аймауытов атындағы №64 мектепте болып, оқушылармен жүздесті.
Жалпы суицид дертіне әдетте рухани әлсіз, психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады. Сондай-ақ, өзіне-өзі қол жұмсауға күнделікті күйзеліс түрткі болуы да мүмкін. Мамандар суицид оқиғасының жиiлеуiне әртүрлi себептердi алға тартады. Соның ішінде әлеуметтiк жағдай, тиiстi отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, моральдық және физикалық зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, заң алдындағы жауапкершіліктен қашу сияқты жағдайлар негізгі факторлар болып келеді.
№ 4 емхана психологтарының ұйымдастыруымен, емханаға қарасты мектептерде өткен «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг да осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алуға бағытталып отыр.
Семинар соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардың жауабын алды.