about us icon Пресс-центр

Новости

news image

Балалардағы жедел ішек инфекциясының алдын алуға қатысты семинар өтті

Шымкент қалалық №4 емханада қызметкерлердің біліктілігін арттыруға қатысты жоспарлы шаралар…

27, мая 2023

Шымкент қалалық №4 емханада қызметкерлердің біліктілігін арттыруға қатысты жоспарлы шаралар өтіп тұрады. Соның бірі ретінде балалар дәрігерлеріне арналған семинар өтті.

Емхананың балалар бөлімінде «Балалар арасындағы жедел ішек инфекциясы және оның алдын алу жолдары» тақырыбындағы семинарды №4 емхананың инфекционист дәрігері Меруерт Қарымсақова жүргізді. Семинарда балалар арасындағы жазғы мезгілде тарайтын аурулар, әсіресе, оның ішінде жедел ішек инфекциясының қауіптілігі, жұғу жолдары мен оның алдын алу жолдары айтылды. Дерттің таралуына жол бермеудің басты жолы – қолды үнемі жуып жүру, көкөніс пен жеміс-жидекті жуып жеу, тазалық сақтау.

Балалар бөлімінің қызметкерлері өз кезегінде ата-аналармен жұмыс жүргізіп, тиісті кеңестерді беретін болды. Семинарда дәрігерлер өзара тәжірибе алмасып, сұрақ-жауапқа ұласты.

Контакты

ГКП на ПХВ «Городская поликлиника №4»

Адрес:

Email:

Телефон:

РК, г. Шымкент, ул.Володарский 11

gkkp_gp_4 mail.ru

53-83-13

phone icon 1414
Единый контакт-центр
phone icon 53-81-00
Контактный центр медицинского учреждения