about us icon Пресс-центр

Новости

news image

Туберкулез мониторингі және әлеуметтік сараптамаға жолдаудағы ақаулар бойынша семинар өтті

Шымкент қалалық №4 емханада туберкулез дертіне мониторинг жасау бойынша семинар өтті. Онда жыл басынан…

23, мая 2023

Шымкент қалалық №4 емханада туберкулез дертіне мониторинг жасау бойынша семинар өтті. Онда жыл басынан бергі 4 айдағы мониторинг жұмысының нәтижелері талқыланды.

Емхана қызметкері Феруза Қонаева туберкулез аурушаңдығы бойынша баяндама жасаса, фтизиатор Жамалбек Байдеуов төрт айда жасалған Манту сынамасының мониторингінің нәтижелері туралы айтып берді.

Бұған қоса №4 емхана бас дәрігерінің орынбасары Дина Абдрашитқызы семинар барысында медициналық әлеуметтік сараптамаға жолдау кезінде анықталған ақауларды талдау жүргізді. Семинар соңында дәрігерлер тақырып аясында өзара тәжірибе алмасып, сұрақ-жауап түрінде өрбіді.

Айта кетейік, туберкулез әлеуметтік маңызды дертке жатады. Оған дер кезінде диагноз қойып, дұрыс емдеу – өте маңызды. Аурудың алдын алудың бір жолы – вакцина алу болса, оған қоса дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстану да аса маңызды.

 

Контакты

ГКП на ПХВ «Городская поликлиника №4»

Адрес:

Email:

Телефон:

РК, г. Шымкент, ул.Володарский 11

gkkp_gp_4 mail.ru

53-83-13

phone icon 1414
Единый контакт-центр
phone icon 53-81-00
Контактный центр медицинского учреждения