25 қазан – Республика күні. Бұл ұлттық мереке еліміздегі ең айтулы күндердің бірі де бірегейі саналады.
Мерекелік күнге орай Шымкент қалалық №4 емханада да салтанатты жиын өтті. Оған бас дәрігер, бас дәрігердің орынбасарлары мен ұжым қызметкерлері қатысты.
Емханамыздың бас дәрігері Айгүл Бекбауова алғы сөз сөйлеп, ұжымды мерекемен құттықтады, еңбектеріне табыс, дендеріне саулық тіледі. Мерекеге орай емхананың бірнеше қызметкері Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен мекеме басшысының Алғыс хатымен марапатталса, дәрігер-рентгенолог Салтанат Айтқұловаға ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» мерекелік төсбелгісі, ал медбикелер Нағима Құрбанқұлова мен Мұхаббат Нұршабаеваға ҚР Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хаты табыс етілді.
Айта кетейік, 25 қазан – Республика күні мерекесі елімізде ұлттық мереке ретінде 2022 жылдан бері аталып өтеді. Ұлттық мереке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлығымен қайта жаңғыртылып отыр.
Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып белгіленді.