Қарымсақова Меруерт Ойдуллаевна – Шымкент қалалық №4 емхананың инфекционист-дәрігері. Тәжірибелі маман бұл медициналық ұйымда еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қызмет етіп келеді. Еңбек өтілі 34 жылды құрайтын дәрігер осы жылдар ішінде көптеген науқасқа көмек көрсетіп, ем-дом жасап келеді.
Оның ішінде ЖРВИ ауруынан бастап созылмалы В, С, D гепатиттерімен ауыратын науқастарды дертінен құлан-таза айықтыру үшін қолынан келгенді аянған емес.
Сонымен қатар, Меруерт Ойдуллаевна пандемия кезінде қаладағы жалпы тәжірибелі дәрігерлер арасында тиісті тақырыптарда, коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған семинарлар өткізген.
Біз, Шымкент қалалық №4 емхана ұжымы осындай тәжірибелі дәрігерімізді мақтан тұтамыз.
Қарымсақова Меруерт Ойдуллаевна – Шымкент қалалық №4 емхананың инфекционист-дәрігері.